Кәмелетке толмаған қызды алып қашқан үш жігіт 3 жылға сотталды | 23.06.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЛЫП ҚАШУ ДӘСТҮР ЕМЕС
Шымкентте жасөспірім қызды алып қашып, зорлаған жігітке үкім шықты. Ол өз еркіммен келдім деп қолхат жаздырып, телефонын тартып алған. Зорлықты көре тұра ақ орамал жапқан әжелер қалай жазаланады?

ЖОЛ АПАТЫ НЕГЕ ЖИІЛЕДІ?
Көлік жүргізуге құқығы жоқ әйел 2 жыл 6 айға сотталды. Көкшетаудағы тұрақта жаяу жүргіншіні езіп өлтірген жүргізуші жазасы осындай. Тілшілер теп-тегіс жолда неге апат жиілегенін зерттеп келді.

ӘКЕГЕ ҚАТЫГЕЗДІК
Тепсе темір үзетін жігіт әкесін жұдырықтады. Бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп мақтанған .Солтүстік Қазақстан облысында күдікті 5 тәулікке қамалды. Бұған әкесі ешқандай шағым түсірмеген.

ПОЛИГЛОТ-ПОЛИЦЕЙ
Бес тілде еркін сөйлеп, он сегіз елді аралаған полицей. Қарағандыда миграциялық қызмет инспекторы Фуркан Юк шетел азаматтарына тек заң тұрғысынан емес, адамгершілікпен де көмек көрсетіп жүр.

ЗӘЙТҮН БИЗНЕСІ
Зәйтүннен май ғана емес, сабын да жасаймыз. Түркістандық шаруалар елімізде алғаш рет субтропикалық ағашты баптап өсірді. Тіпті зауыт ашып, 500 адамды жұмыспен қамтымақ.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал