АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғысты тоқтатуға шақыратын заң жобасын қабылдаған Сенатты қатаң сынға алды. Ақ үй басшысы дауыс беруді «мағынасыз» әрі «орынсыз уақытта қабылданған шешім» деп атады. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Оның сөзінше, Тегеран іс жүзінде берілудің алдында тұрған және Вашингтонның талаптарының басым бөлігімен келісуге дайын болған. «Алайда Сенаттың әрекеті жағдайды күрделендіріп, қарсы тарапқа АҚШ-та оның саясатына қолдау азайып жатқанын білдірді», — деп есептейді Дональд Трамп.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
— АҚШ Сенаты әскери өкілет туралы заң бойынша орынсыз әрі мағынасыз дауыс беруді жөн көрді. Осы арқылы олар әлемдегі терроризмнің басты демеушісіне АҚШ менің әрекеттерімді қолдамайтынын және тоқтауым керек екенін жеткізді. Бұл сенаторлар менің жұмысымды қиындатты, бірақ мен бәрібір мақсатыма жетемін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.