АҚШ Ұлттық барлау қызметі америкалық бюджет қаржысына әлемнің 30-дан астам елінде 120-дан астам биозертхана қаржыландырылғанын мәлімдеді. Барлау қызметінің директоры Тулси Габбард: «Онда қауіпті патогендер сақталған болуы мүмкін», — дейді. Ол аталған нысандар туралы ақпарат ұзақ уақыт бойы қоғамнан жасырылғанын, ал кейбір зертханаларда аса жұқпалы вирустарға қатысты зерттеулер жүргізілгенін айтты. Осыған байланысты АҚШ барлау қауымдастығына шетелдегі биозертханалар туралы ақпарат жинауды күшейту тапсырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.