Алматы облысынан отқа оранған полиция қызметкерінің мүрдесі табылды

Әлеуметтік желіде адам шошырлық бейнежазба тарады. Кейінірек отқа оранған полиция қызметкерінің мүрдесі екені анықталды. Құқық қорғаушылардың айтуынша жансыз дене Алматы облысы Кеген ауданы аумағында табылған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікке полицейдің әйелі мен баласы ілінген. Барлығы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал