Еліміздегі орманның 40 пайызы орналасқан Шығыс Қазақстан облысында 5 санатты өрт қауіптілігі сақталды. Мұнда бірнеше аптадан бері жауын тамбай тұр. Есесіне, аптап ыстық пен қатты жел басылар емес. Жыл басталғалы облыста 15 орман өрті оқиғасы тіркелсе, 400 гектардан астам аумақ жанып кеткен. Орман шаруашылығы қызметкерлері күні-түні кезекшілікпен жұмыс істеп жатыр. Егерьлер мен құтқарушылар 400 рет рейдтік шара жүргізген. Нәтижесінде, алау жағып, айналаға қауіп төндірген 150-ден астам саяхатшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ормандағы ахуал 26 дрон арқылы көктен де бақыланып жатыр. «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің ұшақтары да сақадай сай.
МҰРАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ТАБИҒАТТЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Орман өрттінің 80% найзағай жарқылынан тұтанады. Адами фактор да жоқ емес. Қазір облыс аумағында ең жоғары 5-ші санатты өрт қаупі сақталып тұр, Риддер мен Марқакөлде ғана қауіп деңгейі – 4-ші санат.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.