Қарағанды облысында да аптап ыстық. Тіпті орманға кіруге уақытша шектеу қойылды. Жасыл алқапқа көлікпен кіруге, құрылыс жүргізуге, темекі тұқылын тасауға және құрғақ шөп пен қоқыс қалдықтарын жағуға қатаң тыйым салған. Ережені елемесе 500 мың теңгеге дейін айыппұл салмақ. Инспекторлар рейдке шығып, бұл туралы бұқараны құлақтандырып жатыр. Шектеу қаншаға созылатыны белгісіз. Барлығы ауа райына қатысты болып тұр.
ТЕМІРЛАН ЕЛУБАЕВ, ОЖДҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
— Өрт қауіптілігі 5-ші санат деңгейіне көтерілді. Бұл өте жоғары деңгей. Соған сай тұрғындардың орман аумағында баруына тыйым салыну туралы бұйрық шықты. Рейд жүргіземіз. Демалушыларға от жағу тәртібін, орманда демалу қағидасын түсіндіреміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.