Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандардың сапасы тексеріледі. Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған 145 әлеуметтік нысанның бірқатарынан ақау анықталды. Осыған байланысты өңірде арнайы комиссия құрылып, бір ай ішінде тұрғын үй, мәдениет және спорт нысандарының техникалық жағдайын тексермек.Тексеру қорытындысы бойынша мердігерлерге анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар беріледі. Мамандардың айтуынша, бұл шара нысандардың сапасын бақылап, кепілдік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.