ШҚО мен Абай облысында жеті әлеуметтік маңызы бар нысанға қатысты тергеу басталды

Шығыс Қазақстан және Абай облысындағы жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына қатысты тергеу басталды. Әңгіме дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау және жағалауды бекіту нысандары туралы болып отыр. Тергеу мәліметінше, мердігер компания атқарылмаған жұмыстар үшін төлем алғанымен, құрылысқа тиісті бақылау жүргізбеген. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәлімет енгізілген актіге қол қойған. Тінту барысында мөр көшірмелері мен жалған құжат тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,2 миллиард теңгеден асты.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020-2023 жылдар аралығында ШҚО мен Абай облысының аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Компания басшысы іздеуге жарияланды, соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал