Түркістан облысында мектеп қызметкерлерінің жөндеу жұмыстарына тартылғаны туралы видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғам назарын аударды. Созақ ауданының Көктөбе ауылындағы мектепте орта жастағы әйелдің қабырғаны сылап жатқаны анық көрінеді. Желі қолданушылары бұл жағдайға алаңдаушылық білдірсе, аудандық білім бөлімі өкілдері: «Қызметкерлер міндетін атқарып жатыр», — деді. Сонда ғимаратты жөндеп жатқан кімдер?
АБАЙ ӨТЕБАЕВ, СОЗАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Мектеп ғимаратын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жоспарлы түрде жазғы жөндеу жұмыстарына дайындық кезеңі болатын. Мектептің техникалық қызметкерлері өздерінің лауазым міндеттері аясында ұсақ жөндеумен, ретке келтірумен айналысып, тазалық жұмыстарына уақытылы қатысады. Бұл жерде құрылыс жұмыстары техникалық қызметкерлерге беріліп, оларға қосымша немесе артық жұмыстар артылып жатқан жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.