Астанада көкпардан «Азия көкпар лигасының» маусымы басталды. Алғашқы кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен келген сегіз кәсіби команда қатысты. Бұл жолы алаңға өз шеберлігін талай жарыста дәлелдеген ең мықты ойыншылар шықты. Көкпар – жай ғана ойын емес, бұл – көрерменді тартымдылығымен баурап алатын тұтас мәдениет. Ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артқан сайын, жарыстың да ауқымы кеңейіп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көкпарды насихаттаумен көп жылдан бері айналысып келсе де, тың идея әрдайым табылады. Алда үш айға созылатын тартысты бәсеке күтіп тұр. Ал қыркүйек айында өтетін финалда маусымның ең мықты командасы анықталады.
ӘЛІШЕР ИСЛАМ, «СПОРТ ПЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ:
— Бұған дейін турнир тек кубок форматында өтіп келген. Ал биыл толыққанды лига жүйесіне көшірдік. Жарыс үш апта сайын өтеді. Алдымен, іріктеу. Сосын жартылай финал. Соңында финалдық кездесу болады. Бүгінгі кезеңге Қарағанды, Ақмола облысы және Астана қаласынан келген 8 команда қатысып отыр. Жаңа форматтың мақсаты – клубтық жүйені дамыту, команда арасындағы бәсекелестікті арттыру және спортшылардың шеберлігін шыңдау.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.