Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӨЛІМНІҢ СЕБЕБІ
Ербаян Мұхтар ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі бұрынғы әскери қызметші өлімінің себебін жариялады.
ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Алматы облысының Кеген ауданындағы таулы жерден полицейдің өртелген сүйегі табылды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның туыстары ұсталды.
ОРМАНҒА КІРУГЕ ШЕКТЕУ
Орманға кіруге болмайды. Қарағанды облысында өрт қаупінің ең жоғары бесінші деңгейі жарияланып, шектеу қойыла бастады. Мамандар күндіз-түні кезекшілікке көшкен.
КӨНЕ ҚАЛАШЫҚ
Қапал маңынан мың жылдық тарихтың ізі табылды. Жетісу облысында X ғасырға жататын көне қалашықтың орны анықталып, археологтар үшін тың жаңалыққа айналды.
ЧЕМПИОН ОТБАСЫ
Қатаң тәртіп. Бірегей жаттығу. Павлодарда әлемді таңқалдырған отбасы мүшелері түгел спортпен айналысады. Бірі боксқа, бірі акработикаға әуес әулет Азия чемпионы атанып үлгерді.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.