Алматы облысының Кеген ауданында денесі өртенген күйде табылған полиция қызметкерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Қайғылы жағдай 22 маусымға қараған түні Алматыдағы бір отбасының пәтерінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, оған кейін кәмелетке толмаған балалар да араласқан. Айтылған ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкері өлімге әкелген жарақатты үйінде алған. Кейін оның денесі қала сыртына шығарылып, өртелген. Полиция марқұмның жұбайы мен кәмелетке толмаған ұлының ұсталғанын ресми түрде растады. Қазір тергеу органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, оқиғаның бірнеше нұсқасын тексеріп жатыр. Күдіктілердің әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді. Марқұм полицейдің көршілері отбасы туралы жақсы пікірде. Олардың айтуынша, бұл көпбалалы отбасы болған, олар 7 бала тәрбиелеген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.