Электр самокатпен тротуарда жүруге толық тыйым салынды

Енді электр самокаттарына тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүруге толық тыйым салынды. Президент тиісті заңға қол қойды. Өткен жылы елде самокат жүргізушілерінің қатысуымен 139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 149 адам жарақат алған. Ал жыл басынан бері 28 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңа талап қоғамда түрлі пікір туғызды. Бірі мұны қауіпсіздікті күшейтетін дұрыс шешім десе, енді бірі қозғалыс еркіндігіне шектеу деп бағалап отыр. Жаяу жүргіншілер бұл өзгерісті қалай қабылдады?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал