Қостанайда еліміздегі ең алғашқы агроэкохаб ашылады

Қостанайда еліміздегі ең алғашқы агроэкохаб ашылмақ. Атауы күрделі болғанымен, оны жүзеге асыру тәсілі қарапайым. Бұл мәселе бүгінде әлем бойынша өзекті күйінде қалып отыр. Агрохаб қалай құрылады және оны кімдер құрады.
Қостанайда ерекше экологиялық жоба басталды. Болашақ агроэкохабтың орнында алғашқы жылыжай бой көтерді. Бұл тек зерттеу алаңы емес, Мұнда өнім өсіріледі. 100-ден астам түрлі өскін тұқымы егілмек. Әр сұрыпқа қатысты олардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы туралы тақтайша орнатылған. Жоба «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық аясында іске қосылмақ.

ПОЛИНА БАЙТҰРСЫНОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ САРБАЗЫ:
— Мен түрлі волонтерлық қозғалысқа қатысқанды, қолымнан келгенінше көмектескенді ұнатамын. Бұл бастамаға да үлесімді қоссам деймін. Осылайша, өз қаламызды азды-көпті өркендету ойымда бар.

Жаңа алаңның құрылуына Жасыл ел сарбаздары, волонтер және студенттер атсалысып жатыр. Бұл жерде бірнеше аймақ құрылмақ. Екі жылыжайда түрлі шөп, көкөніс өсіріледі. Ал келесі жылыжайдың өзіндік ерекшелігі бар.

НАУРЫЗБЕК БІРМАҒАМБЕТОВ, «NECO» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Үшінші жылыжайға тақтатас төселді. Ол жерде түрлі экологиялық жабдық орнатылады. Қалдықтарды бөлек жинау орталығы, оларды қайта өңдеу және басқа да тұрмыстық қажеттілікке байланысты қондырғы болады.

Агроэкохабтың баламасы жоқ. Жоба авторлары осылай дейді. Келешекте бұл іске жас маман, студенттер мен оқушылар тартылады. Жоба енді басталып жатыр Өзін-өзі ақтаса өзге де өңірлерде жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал