Саран су қоймасының жағалауынан 200 қап қоқыс жиналды

Саран су қоймасының жағалауынан 200 қап қоқыс жиналды. «Таза өзен – таза жағалау» экологиялық акциясына жүзден астам жас қатысты. Еріктілер су қоймасының жағалауын әр екі ай сайын тазалайды. Олар қаламен қатар шалғай елді мекендердегі қоқыстарды да жинайды. Өткен жылы волонтерлер бес гектардан астам аумақты тазартып, алты мыңға жуық қап қоқыс шығарған. Биылдың өзінде 1 жарым мыңнан аса қап қалдық жиналды.
АЙЫМ ҚАНАПИЯНОВА, САРАН ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Бұлар – мектеп оқушылары, колледж студенттері және «Жасыл ел» жасағының жастары. Олар үшін бұл тек тазалық жұмысы емес. Бұл – жаңа достар тауып, жаңа таныстық орнатуға жақсы мүмкіндік. Биыл біздің қатарымызға қосылатын жастар саны көп. Сәйкесінше біршама жердің қоқысы жиналатын болды. Осындай игі істерді бәріміз бірігіп атқарып жатырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал