Ақмола облысында аптан ыстықтан алты адам зардап шекті

Ақмола облысында аптан ыстықтан алты адам зардап шекті. Оның бесеуі – балалар. Дәрігерлердің айтуынша, бірі күн астында ұзақ ойнап жүріп күйсе, енді бірі ата-анасымен балық аулау кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Қазір олардың барлығы Ақмола облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Мамандар ыстық күшейген сайын күнге күйгендердің саны артып жатқанын айтып, өздігімен емделу қауіпті деп дабыл қағып отыр. Аймақтағы аптап ыстық ересектердің денсаулығына да әсер еткен. Көкшетау қалалық ауруханасына түскен шағымдар саны соңғы күндері 40 пайызға артқан.
ПЕТР РЕДКОЗУБОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГІ:
— Балалардың беті, иығы мен арқасы қатты ісініп, терісі қызарып, қабыршақтанып түсті. Сондай-ақ ауырсыну, қышыну және дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалды. Қауіптісі, күйік аумағы үлкен болған жағдайда бала ағзасына жеткілікті мөлшерде сұйықтық енгізіп, антибиотиктер қолдануға тура келеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал