«Жетінші арна» қызметкерлері медальмен марапатталды

«Жетіншіде» жеті марапат. Жеті бірдей әріптесіміз Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай медальмен марапатталды. Министр Аида Балаева журналистрді кәсіби мерекемен құттықтап, наградалар табыс етті. Арнамыздың бас директорының орынбасарлары Айгүл Жүнісова мен Сергей Стебневский, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының шеф-редакторы Оңалтай Қуандық, шығарушы редактор Анар Сүйімбаева, шығарушы режиссер Динара Қарбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ал шығарушы редактор Алексей Буренков кеудесіне «Шапағат» медалін тақты.
АНАР СҮЙІМБАЕВА, «ЖЕТІНШІ АРНА» АСБД ШЫҒАРУШЫ РЕДАКТОРЫ:
— Мен үшін бұл марапат – үлкен абырой және жауапкершілік. Бұл – менің ғана емес, үлкен команданың еңбегі. Өйткені жаңалықтардың артында ондаған сағат сюжет түсіру, мәтін жазу, оны эфирге шығару жұмысы тұр. Осы еңбегіміздің еленгеніне рақмет!
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал