Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ
Алматы облысында полиция қызметкерінің өртелген денесі табылған іске қылмысқа қатысты жаңа дерек белгілі болды. Марқұмның жақындары күдікке ілініп, тергеліп жатыр.
СОТ БАСТАЛДЫ
Үш ай бұрын Ақтөбеде табылған сөмке ішіндегі мәйіт кімдікі? Полицейлер күдіктіні ұстап, тергеу материалын сотқа берді. Резонансты істі енді сот қарайды.
КӨШІ-ҚОН ТАЛАБЫ
Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы жалғасып жатыр. Бірақ мемлекеттік қолдау шарты өзгерді. Енді тұрғын үй субсидиясын алу үшін солтүстік өңірде кемінде үш жыл еңбек ету қажет.
ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ
Электрлі самокатпен тротуарда жүруге болмайды. Президент жол қозғалысы ережесіне қатысты заңға қол қойды. Бұл жаңашылдықты жаяу жүргіншілер қалай қабылдады?
ЖУРНАЛИСТЕР КҮНІ
Журналистер – қоғамның жаршысы, шынайы жанашыры. Журналистика күні қарсаңында Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.