Түркістан облысында құмар ойын ойнаған төрт шенеунік қызметінен кетті

Түркістан облысында жұмыста құмар ойын ойнаған төрт шенеунік қызметімен қош айтысты. Заңбұзушылық Сарыағаш аудандық прокуратурасы жүргізген тексеру барысында белгілі болған. Қадағалау органы олардың қызметтік міндетін атқару кезінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен әдеп қағидаларын сақтамағанын атап өтті. Осыған байланысты прокурорлық ықпал ету шарасы қабылданып, төрт лауазымды тұлға атқарып отырған қызметінен босатылды.
БАҚДӘУЛЕТ ТӘЖІМЕТ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Аталған әрекет мемлекеттік қызмет қағидаларына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал