Түркістан облысында аптап ыстықтан бетон жолдар бүлініп жатыр

Түркістан облысында аптап ыстықтан бетон жолдар бүлініп жатыр. Республикалық маңызы бар жолдардың бетон жабындарына зақым келген. Нақты айтқанда, «Шымкент – Өзбекстан шекарасы» автожолының 712-ші шақырымында ақау анықталған. Жауапты мамандар жарылған учаскені жедел қалпына келтірді. Жолдың бүлінуіне ауа температурасының 40 градусқа дейін көтерілуі әсер еткен. Мамандардың айтуынша, қатты ыстық кезінде бетон плиталары кеңейіп, жолға түсетін салмақтың артуынан жабында жарықтар пайда болуы мүмкін. Соңғы бір айдың ішінде өңірдегі 6 жол учаскесінде аптап ыстықтан осындай ақаулар тіркелген.
ЕРБОЛ ПІРІМБЕТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Күн салқында бетон шамалы созылады. Одан кейін күн ыстық болған кезде температураның әсерінен бетон қыза бастайды. Бетон қызуды өзіне тартады. Бетонда қысылу реакциясы пайда болады. Сол кезде бүліне бастайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал