Енді қазақстандықтар Дубайда ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Дубайда көлік тізгіндеуді жоспарлап жүрсіз бе? Жағымды жаңалық, енді қазақстандық жүргізушілер үшін бұл әлдеқайда жеңіл болмақ. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану және жеңілдетілген тәртіппен алмастыру туралы келісімге келді. Тиісті құжатқа Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары қол қойды. Осылайша, енді қазақстандықтар Дубайда және Біріккен Араб Әмірліктерінің басқа өңірлерінде ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл сайын бұл мемлекетке 400 мыңға жуық қазақстандық сапарлайды. Ал 14 мыңға жуық отандасымыз сол елде тұрақты тұрады. Жаңа келісім олардың құжат рәсімдеуін жеңілдетіп, көлік жүргізу кезінде қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал