Елімізде жұмыссыз жүрген азаматтарға жаңа мүмкіндік ұсынылды. Енді қос қолға бір күрек таба алмай жүрген азаматтар қысқа мерзімде сұранысқа ие мамандықты тегін меңгеріп, біліктілігін арттыра алады.
Мемлекеттік бағдарлама аясында оқу алты айға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде қатысушыларға ай сайын 43 мың теңгеден астам шәкіртақы төленіп, жол ақысы мен тұрғын үйді жалдауға да қаржы қарастырылған. Жаңа кәсіпті жұмыс берушінің өндіріс орнында меңгеруге де болады. Мұндай жағдайда қатысушыларға еңбекақы төленеді. Биыл оның мөлшері – 86 500 теңге. Ал онлайн оқуды таңдағандар Skills.enbek.kz платформасы арқылы қашықтан білім ала алады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, биыл 37 мыңнан астам жұмыссыз азамат осы бағдарлама арқылы оқудан өткен. Тегін кәсіптік білім алғысы келетіндер Электрондық еңбек биржасы порталына тіркеліп немесе тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.