Енді Бутаков шатқалында демалу әлдеқайда жайлы болады

Бутаков шатқалындағы инженерлік желілердің құрылысы – осы танымал таулы аймақтың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының бір кезеңі. Жақын арада бұл жерде демалу әлдеқайда жайлы болмақ. Мұнда туристік аймақты дамыту үшін қажет газ құбыры мен су бұру желілерінің құрылысы басталды. Қазір мамандар коммуникациялардың алғашқы бөліктерін жүргізіп, құдықтарды орнатып жатыр. Газ құбырының жалпы ұзындығы шамамен үш шақырымды құрайды. Әкімдіктің мәліметінше, жаңа инженерлік желілер шатқал инфрақұрылымын заманауи, қауіпсіз әрі келушілерге қолайлы етуге мүмкіндік береді. Барлық жұмысты қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал әзірге таулы аймақтың кейбір бөліктерінде арнайы техниканың жұмысына байланысты келушілер үшін уақытша шектеулер болуы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал