Жасанды интеллект ақ халатты абзал жандардың сенімді серігіне айналды. Алматыда биоматериалдарды автоматты түрде талдап, зерттеу нәтижелерін жеделдетуге мүмкіндік беретін заманауи зертханалық кешен іске қосылды. Ақылды технологиялар жұмысты қаншалықты оңтайландырды?
Бұрын зеттеудің барлығы адам қолымен жүргізілетін. Енді бұл жұмысты автоматтандырылған жүйе атқарады. Ол штрих-кодты оқып, пациентке қандай талдаулар қажет екенін анықтайды. Артынша биоматериалдың сапасын тексеріп, тиісті бағытқа жолдайды.
ЛАУРА ӘЛІҚҰЛОВА, ЗЕРТХАНА БАСШЫСЫ:
— Біз жасанды интеллект элементтері енгізілген заманауи автоматтандырылған жүйені іске қостық. Ондағы мақсат – зерттеулердің сапасымен дәлдігін арттырып, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Енді талдау нәтижелеріне бұрынғыдай көп уақыт қажет емес.
Әр пробирканың қозғалысын жасанды интеллект бақылайды. Биоматериалдың зертханаға түскен сәтінен бастап, оның нәтижесі дәрігерге жеткенге дейінгі барлық кезеңді ақылды жүйе нақты уақыт режимінде қадағалайды. Айта кетк керек кешен сағатына 850-ге тарта пробирканы өңдеуге қауhарлы. Ал қан талдауы бір минуттың ішінде бұрынғыдан да кең көлемде зерттеледі.
ӘМИНА ОМАРХАНОВА, ЗЕРТХАНА МАМАНЫ:
— Жүйе жұмысымды айтарлықтай жеңілдетті. Қазір бізде талдауға дейінгі кезең толықтай автоматтандырылған. Жарамсыз үлгілерді анықтап, алдын ала тексерісті де жүргізеді. Яғни бұл процесстерге адам араласпайды.
Мамандардың айтуынша, заманауи кешен нақты диагноз қою уақытын қысқартып, талдау нәтижелерінің дәлдігін арттырған. Болашақта жасанды интеллект реагенттерге деген қажеттілікті алдын ала болжап, зертхана жұмысын одан әрі тиімді ұйымдастыруға жол ашпақ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.