Алматы облысында 23 ауылда алкоголь өнімдері сатылмайды

Алматы облысында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартқан ауылдардың саны 23-ке жетті. Соның бірі – Балқаш ауданындағы Бура елді мекені. Мұнда соңғы төрт жылда бір де бір қылмыс тіркелмеген. «Қоғамдық тәртіптің сақталуына алкоголсіз өмір салты оң әсер етті», – дейді жергілікті тұрғындар. Ауыл халқы ішімдімдіктен бас тарту туралы ортақ шешімді осыдан төрт жыл бұрын қабылдаған. Ақсақалдар көтерген бастамаға жастар қызу қолдау білдірді. Қазір дүкендерде алкоголь мен темекі өнімдері сатылмайды. Ішімдіктен бас тартқан өзге елді мекендерде де қылмыс азайғаны байқалады. Көбінде 4-5 жылдан бері бірде-бір қылмыс жасалмаған. Тұрғындар мұны ауылдағы ауызбіршілік пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі деп есептейді.
ДӘУЛЕТБЕК БІТАНОВ, БУРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Ауылымызда той да арақсыз өтіп жатыр. Арақ дегенді тыйған жақсы. Бұған қосыламыз.

БЕКЗАТ БАЙЫТДҮЙСЕН, УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР:
— Қазіргі уақытта Бура ауылында қылмыс тіркелмеген. Бұрын-соңды бұл ауылда спирттік өнімдер сатылмаған және сатылмайды да. Ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, «Арақсыз ауыл» атты жобаны қолдап отырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал