Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Алматы – Өскемен автожолының 432-ші шақырымында тіркелген. Полицияның мәліметінше, екі автокөлік жоғары жылдамдықпен келіп, соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр
ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жылдамдық режимін дұрыс таңдауға, арақашықтықты сақтауға және рөлде барынша мұқият болуға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.