Жетісу облысында кәмелетке толмаған 4 бала суға кетіп, жан тапсырды. Қайғылы оқиғалар соңғы екі күн ішінде Кербұлақ, Сарқан, Қаратал ауданында болған. Бүлдіршіндер қараусыз қалып, рұқсат етілмеген әрі жабдықталмаған су айдындарына шомылған. Қазір полиция оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, Жетісу облысында жыл басынан бері 6 адамның ажалы судан келді. Жауаптылардың сөзінше, қайғылы оқиғалардың дені рұқсат етілмеген су айдындарында болған. Ал өңірдегі шомылуға рұқсат етілген 4 аймақта қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр.
ЕЛДАР ТҰРСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Лепсіде құтқару жасақтары орналастырылған. Балқаш көлінде – 13 адам, Ақши жағалауында – 13 адам. Қосымша облыс орталығынан іссапарға 4 адам барды. Сонымен қатар әскери бөлімнен 3 қызметкер жұмылдырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.