Өткен демалыс күндері Ақмола облысында 4 адам суға кетіп қайтыс болды. Оқиға Шортанды, Көкшетау, Қосшы және Целиноград аудандарында орын алған. Қайғылы оқиғалардың себептері әртүрлі. Су жағасында ішімдік ішу жағдайлары көш бастап тұр. Жыл басынан бері аймақта оннан астам адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Олардың екеуі – бала. Бұдан бөлек, арнайы жабдықталмаған орындарда, бассейнде де суға кеткендер бар. Құтқарушылар дабыл қағуда. Оған тұрғындардың судағы қауіпсіздік шараларын ескермеуі – басты себеп. Демалыс күндері тіркелген қайғылы оқиғаның бірі Шортанды ауданы Төңкеріс ауылы маңында болған. Құрбан болған – 2008 жылғы жасөспірім. Тағы бірі Целиноград ауданындағы Қаражар көлінде орын алған. Ішімдікке сылқия тойған 1988 жылғы азамат бассейнге құлап, қайта тұра алмаған.
ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Бұдан бөлек Көкшетаудың Қопа көлінде орын алды. 1982 жылғы тұрғын суға кеткен. Суға шомылуға тыйым салынған жерде ішімдік ішкен. Сот сараптамасы тағайындалды. Тағы бір қайғылы оқиға Қосшы қаласының Сарқырама өзенінде болған. Бір топ адам алкоголь сусынын пайдаланған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.