30-дан астам адамды оқуға түсіремін деп алдаған күдікті Албаниядан елге қайтарылды

Оқуға түсіремін деп, уәде етіп, жұрттың ақшасын қалтасына басқан күдікті Албаниядан Қазақстанға экстрадицияланды. Тергеу мәліметінше, ол ҰБТ-ға дайындап, жоғары оқу орнына кепілдікпен түсіремін деген желеумен 30-дан астам адамды алдап, шетелге қашып кеткен. Енді күдікті қамалды. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ЕРЛАН ЖАНПЕЙІСОВ, БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың мамыр айында ол Албания Республикасында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал