Контент үшін жол үстінде қауіпті әрекет жасағандар жазаланды

Әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударғысы келген әрекет полиция назарына ілікті. Мына кадрларда жолаушылар көлік қозғалысы кезінде терезеден сыртқа шығып тұрғаны көрінеді. Ал жүргізушілер жылдамдықты бәсеңдетпей, Шығыс айналма автожолымен жүріп, жол ережесін бұзған. Мұндай әрекет әсерлі видео емес, ауыр жол апатына әкелуі мүмкін еді. Бейнежазба интернетте тарағаннан кейін полиция барлық қатысушыны анықтап, жауапкершілікке тартты. Тәртіп сақшылары бірнеше секундтық әсер мен адреналин адам өміріне қауіп төндіргенін. Бұл жолы жағдай айыппұлмен аяқталса, келесі жолы салдары әлдеқайда ауыр болуы да мүмкін екенін еске салады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Әкімшілік жауапкершілікке төрт жүргізуші және бір жолаушы тартылды. Үш жүргізушіге қауіпті маневр жасағаны, жолаушыларды көлік салонынан тыс тасымалдағаны және апаттық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.Тағы бір жүргізуші көлік салонынан тыс жолаушы тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көліктің сыртында болған жолаушының өзіне де әкімшілік шара қолданылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал