Шығыс Қазақстан облысындағы 9 шипажай ғаламтордың ғажайыптарынан тыс қалған. Бұл аймақтарда ұялы байланыс та жоқ. Олар негізінен Риддер, Марқакөл және бес көлдің басын қосатын табиғи жүйе жағалауында орналасқан. Өңірде барлығы 60 елді мекен әлі күнге ғаламторға қосылмаған. Сандық құрылымды жаңғыртуға тау жоталары, ара қашықтық және халықтың аз қоныстануы кедергі. Әсіресе шекаралас аймақтарда бұл мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Осыған байланысты демалыс аймақтарында Starlink жүйесін орнату, байланыс мұнараларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ресми ақпаратқа сүйенсек, еліміздің шығыс аймағы биыл әр өңірден келетін 500 мыңнан астам демалушыларды және шетелдік 44 мың қонақты қабылдауға дайын екен.
ИРИНА СМИТ, ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Сибиндегі мәселе шешіліп жатыр. Әрине, кей жерлерде демалушылардың саны өте аз. Ол жерлерде арнайы Starlink орнату қарастырылмаған. Біздер үшін бірінші кезекте туристтер көп келетін орындарда байланыс орнату маңызды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.