Сенат соңғы отырысын өткізді. Жиында Палатаның 30 жылдық қызметінің қорытындысы шығарылып, осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарға баға берілді. Осы кезеңде Сенаттың 890-нан астам жалпы отырысы өтіп, үш жарым мыңнан астам заң қабылданған. Оның ішінде әрбір оныншы заңға депутаттардың өздері бастамашылық жасаған. Сенат қараған заңдар елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың құқықтық негізін қалыптастыруға ықпал етті. Бұдан бөлек, Палата 60-тан астам парламенттік тыңдау өткізіп, азаматтарды алаңдатқан мәселелер бойынша Үкіметке үш мыңға жуық депутаттық сауал жолдаған. Ал сенаторлар халықпен байланысты күшейту үшін өңірлерді тұрақты аралап, ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтеріп келді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
— Осылайша, сенаторлар өздеріне жүктелген миссияны толық орындауға бар күш-жігерін жұмсады. Осы тарихи сәтте, ең алдымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өзімнің және барша сенаторлардың атынан бізге артқан жоғары сенімі, реформаларды бірлесе жүзеге асыруға берген зор мүмкіндігі және тұрақты қолдауы үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Сенаторлар Президентімізге, мемлекетшілдік қағидатына, заң үстемдігіне және халық алдындағы жауапкершілікке әрдайым адал болып қала береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.