Қазақстанда ресми түрде жеті саяси партия тіркелген

Қазақстандағы саяси партиялар сайлау мен жаңа саяси маусымға қызу дайындалып жатыр. Партиялардың басшылық құрамы жаппай жаңаруда. Қазақстан халық партиясында да жетекшілік ауысты. Соңғы үш жыл бойы партияны басқарған Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті. 27 маусым күні Астанада өткен кезектен тыс съезде делегаттар партияның жаңа төрағасы етіп Нұрсұлтан Шоқановты сайлады. Айтулы кадрлық өзгеріс «Ақ жол» партиясында да болды. Съезд барысында ұйымды 15 жыл бойы үздіксіз басқарған Азат Перуашев өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Партияның жаңа төрағасы болып Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева сайланды. Өзгерістер «Ауыл» партиясын да қамтыды. Ұйымды басқарған Серік Егізбаев өз еркімен қызметінен кетті. Партия төрағасы болып Қайрат Айтуғанов тағайындалды. Алайда басты саяси жаңалық AMANAT партиясының жаңа «Әділет» партиясына қосылатынын жариялауы болды. Осылайша, қазір Қазақстанда ресми түрде жеті саяси партия тіркелген: «Әділет», «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы, «Ауыл», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Respublica және «Байтақ» жасылдар партиясы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал