Астанадағы Еуразия гуманитарлық институтында көрнекті ғалым, алаштанушы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлының ғылыми мұрасына арналған «Алаш мұратына адалдық» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жоғары оқу орнының басшылығы, ғалымдар, оқытушылар мен жас зерттеушілер қатысты. Басқосуда Дихан Қамзабекұлының ұлттық руханият саласына қосқан ғылыми үлесі сараланып, оның еңбектерінің қазіргі гуманитарлық ғылымдағы маңызы сөз болды. Сондай-ақ, ғалымның ұлттық сана, тарихи жады, тіл мен білім беру мәселелеріне арналған зерттеулері талқыланды.
ҚАДЫР АХМЕТОВ, А.ҚҰСАЙЫНОВ АТ. ИНСТИТУТ ПРОФЕССОРЫ:
– Біздің студенттерге үлкен рухани-ғылыми азық. Әрқашан диплом жұмысын жазарда баяндама жасарда Дихан Қамзабекұлының еңбектеріне сілтеме жасап, оны пайдаланады. Ғалымның ғылыми мұрасы жастарға бағыт-бағдар беретіе үлкен ғылыми маңызы бар қор айтуға болады.
ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ — АЛАШТАНУШЫ
Біз қазір альфа зум ұрпақ деп айтып жатамыз ғой Зет ұрпақ деп жатамыз осылардың бәрінің біз айтқан нәрсеміз бір ауада қалықтап қалмау керек немесе бір қағаз жүзінде ғана болмау керек. Соларға жеткізудің бір амалдарын қарастыруымыз керек. Яғни біз барды бағалай білуіміз керек талантыларды көтеруіміз керек сонымен бірге дұрыс еңбектерді дұрыс зертеулерді халыққа көрсете білсек көп нәрсені ұтамыз ғой деп ойлаймын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.