Ертең – еліміз үшін маңызды күн. Жаңа Конституциямен өмір сүре бастаймыз. 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Ата заң 1 шілдеден бастап ресми күшіне енеді. Осы күннен бастап 1995 жылғы Конституцияның қолданысы тоқтатылады. Жаңа құжатта мемлекеттің унитарлық сипаты, шекараның мызғымастығы, аумақтық тұтастық пен заң үстемдігі негізгі қағидат ретінде бекітілген. Сондай-ақ егемендік пен тәуелсіздік өзгермейтін құндылықтар ретінде айқын көрсетілді. Енді елде 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай жұмыс істейді. Бұдан бөлек, вице-президент лауазымы енгізіліп, халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесі құрылады.
ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:
— Вице-президент лауазымының енгізілуі – үлкен жаңалық. Өйткені бұрын Конституцияда бірталай мүмкіндік болатын. Мысалы, Президент билікті атқара алмай жатса, ауырған жағдайда немесе тағы басқа жағдайда, билік Сенаттың спикеріне не Мәжілістің спикеріне, болмаса Премьер-министрге жүктеледі деген әртүрлі вариант болатын. Қазір нақты Вице-президентке жүктеледі. Сосын Вице-президент екі айдың ішінде сайлау өткізуі керек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.