Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен ол Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жарлыққа сәйкес, Ерлан Қарин бұрынғы қызметінен босатылды. Осыған дейін Ерлан Тынымбайұлы Мемлекеттік кеңесші қызметін атқарды. Ол бұл лауазымға 2022 жылдың маусымында тағайындалған.
ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.