1 шілдеден бастап несие алу тәртібі қатаңдайды

Елімізде несие алу тәртібі қатаңдайды. 1 шілдеден бастап банктер қарыз алушылардың төлем қабілетін жаңа талап бойынша бағалайды. Енді несие рәсімдеу кезінде борыштық жүктеме коэффициенті мен қарыздың табысқа қатынасы ескеріліп, табысының басым бөлігі бұрыннан бар несиелерді өтеуге жұмсалатын азаматтарға жаңа қарыз алу қиындай түседі. Қазіргі таңда қазақстандықтардың банктер алдындағы мерзімі өткен берешегі бір триллион теңгеден асады. Ең көп қарыз тұтынушылық несиесіне тиесілі. Алматы тұрғындары арасында берешек көп.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал