Қыз алып қашпақ болған сәтте жолда ұсталды.
Түркістан облысында патрульдік полиция күдік тудырған Kia көлігін тоқтатқанда, ішіндегі бойжеткен бірден сыртқа жүгіріп шығып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Полицейлердің айтуынша, аға лейтенант Аңсар Жалғасбеков қыздың көлік ішінде қолын бұлғап, көмек сұрағандай әрекетін байқап қалған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін көліктегі азаматтар полиция бөліміне жеткізіліп, некеге тұруға мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда кейін бойжеткен жігітімен арадағы қарым-қатынастың өзара келісімге негізделгенін, ал бұл жағдай екеуінің арасындағы жанжалдан туғанын айтып, арыз жазудан бас тартқан.
ҚАЙРАТ ӘЛЕКЕШОВ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, мән жайды анықтады. Белгілі болғандай бойжеткенді өз еркінен тыс алып кетіп бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша оны алып қашып үйлену мақсатында жолға шыққан. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.