Павлодарда жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды. Жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып, артынша автобус аялдамасына соғылған. Куәгерлердің айтуынша, көлік алдымен жарық бағанына соғылып, кейін аялдаманы қиратып барып бір бүйіріне аударылған. Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Полиция жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр
ӘСЕТ КЕҢЕСОВ, №1 АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:
— 2002 жылы туған науқас жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді. Қазір политравма бөлімінде жатыр. Диагнозы – жабық бас-ми жарақаты, денесінің бірнеше жері соғылған, гематомалары бар. Жағдайы орташа ауыр. Қажет ем-дом көрсетіліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал