Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты айыптау актісіне өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік айыптаушы жаңасын баяндады. Прокурорлар Сұлтан Сарсемалиевке интернет-алаяқтықпен айналысып, марқұмдардың банк қосымшалары мен зейнетақыларын алды деген айып тағып, іске 190-баптың 2-бөлігі 4-тармағын қосты. Бұған қоса Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты күдіктіге «дәрменсіз күйдегі адамды қасақаны өлтіру» бойынша айып тағылды. Бүгінгі сот барысында мемлекеттік айыптаушы оқиғаның мән жайын айту кезінде Сұлтан Сарсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиевтің 2022 жылы заңды түрде ажырасуына күдіктінің опасыздық жасауы себеп болғанын мәлімдеді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты да айтып берді.
ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, СУДЬЯ:
— Сонымен қатар бұрын сізге мал сату айыбы «алаяқтық» болған, оны қазір мемлекеттік айыптаушы «Мал ұрлығына» ауыстырып отыр. Жаңа айыптау бойынша жазаңызды жеңілдететін мән-жайларды мемлекеттік айыптаушы алып тастаған.
ШЫНАР НҰРМҰРАТҚЫЗЫ, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ АДВОКАТЫ:
— Махамбет аудандық сотының 2022 жылғы шешімін сұратқан болатынбыз. Және іс материалдарына тіркеуді сұрадық. Себебі бұл шешімде нақты айтылған. Сол кезде Ақбаянның ақыл-есі дұрыс, неке бұзуға өз еркімен арыз жазған. Отбасына опасыздық жасағанын Сарсемалиевтің өзі мойындады, сот шешімінде отбасына берік болмағаны айтылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.