Ақши ауылының тұрғындары су құбырын толық жаңартуды сұрап отыр

Ақши ауылына ауызсу қайтадан кестемен берілуде. Алматы облысы Іле ауданындағы елді мекенде 1972 жылы салынған «Бозой» топтық су құбыры әбден тозып, жиі апатқа ұшырайтындықтан, орталықтандырылған су беру шектелді. Мамандардың айтуынша, Қараойдан айдалатын тәулігіне 1500 текше метр судың небәрі 50 пайызы ғана ауылға жетеді, қалғаны ескі құбырлардың ақауларынан жерге сіңіп кетеді. Осыған байланысты тұрғындар мен жауапты мекемелер су құбырын толық жаңартуды сұрап отыр.
НАЗИРА ОМАРОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
— Су уақытымен беріледі: таңғы сағат 7-де, түскі 12-де, кешкі 4-те және кешкі 7-де. «1-2 күн су болмайды» деп хабарландыру берді, біз қайтадан су толтырдық. Судың қарқыны аз болады, кір жуа алмаймыз. Енді басқа трубаларды ауыстыру керек.

НҰРИСЛАМ САЙЛАУБАЕВ, «БОЗОЙ ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ» БАСШЫСЫ:
— 2023 жылы Іле ауданының бюджетінен қаражат қарастырылып, «Бозой топтық су құбырын» реконструкциялау бойынша жоба жасап берген. 2024 жылы мемлекеттік тексерістен өтіп, жоба дайын болған. Енді сол жобаға 7,5 млрд теңге қаржы керек болып тұр. Сол қаржы бөлінсе, барлығы жақсы болар еді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал