Түркістан облысында қыз алып қашпақ болғандар ұсталды | 30.06.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЛЫП ҚАШУ САЛТ ЕМЕС
Дәстүр деп тағы да алып қашпақ болған әрекет тоқтатылды. Түркістан облысында қызды күштеп алып бара жатқан күдіктілер ұсталды. Келін түсірудің заңсыз нұсқасы қашан тоқтайды?

ЖАҢА АЙЫП
Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс күрт ушығып, прокурорлар оған интернет-алаяқтық пен аса ауыр қылмыс бойынша айып тақты. Сотта бұрын айтылмаған дерек жарияланды.

БАҒДАРСЫЗ САПАР
Павлодарда көлік қарсы бағытқа шығып, аялдамада тұрған жүргіншілерді қағып өтті. 2 жолаушы тіл тартпай кеткен. Тағы біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

ЖАҢА ЖҮЙЕ
Жол сапасын тексерудің жаңа жүйесі қосылды. Солтүстік Қазақстан облысында Жасанды интеллект енгізілген платформа әр сынаманы тіркеп, автоматты түрде талдайды. Бұдан не өзгерді?

КӨКМАЙСА — 2026
Ұлытаудағы этнофестивальде ұлттық құндылық ұлықталды. 500 бие сауылып, ондаған киіз үй тігілді. 15 мың көрерменге қазақтың салт-дәстүрі көрсетілді.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал