Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясына сайлау науқанын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Ал Үкіметке, Астана қаласының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне сайлауды ұйымдастыруға қажетті қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де жағдай жасау міндеті жүктелді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.