Алматыда тау өзендері арнасынан асып кетті

Алматыда аптап ыстықтың орнына нөсер жауын жауды. Тау өзендері арнасынан асып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, шамамен 100-ге жуық тұрғын үй ықтимал қауіп аймағында тұр. Сел жағдайының күрделенуіне байланысты, жергілікті жерде жедел штаб құрылды. Барлық қызмет сақадай сай тұр. Құтқарушылардың айтуынша, қазіргі жағдай тұрақты, эвакуация жүргізу қажет емес. Алайда жергілікті тұрғындар судың кенеттен күшейген ағынынан шошынғанын айтады. Қандай да бір жағдайға тап бола қалсаңыз, жедел желі ашылған.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ: +7 (727) 279-22-32

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал