Ақмола облысында мектеп оқушылары жаппай уланды

Ақмола облысында мектеп оқушылары жаппай уланды. Төтенше жағдай Біржан сал ауданындағы жеке білім беру-сауықтыру орталығында болған. 9 бен 12 жас аралығындағы балалар түн ішінде Көкшетау мен аудан ауруханаларына жеткізілген. Белгілі болғандай, орталық – жыл бойы жұмыс істейтін тілдік лагерь. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған. Полиция қылмыстық іс қозғады. Балалардың айтуынша, бәрі бәліш пен балмұздақ жеген. Бурабайға экскурсияға барған. Қазір облыстық орталық ауруханада төрт бала ем алып жатыр, екеуі лагерьге қайтарылған. Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін.

ВИКТОРИЯ ПИЧКУНОВА, БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Бізге сегіз жастағы екі қыз және он екі жастағы екі қыз бала жеткізілді. Олар лагерьде демалып жүрген екен. Алғашында тұрған жеріндегі аудандық ауруханаға жүгініп, алғашқы медициналық көмек алған. Кейін әрі қарай ем қабылдау үшін облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал