БҚО-да қылмыс жиі болатын ойын-сауық орындарының тізімі жасалды

Түнгі демалыс кейде қылмыспен аяқталады. Батыс Қазақстан облысының полицейлері құқықбұзушылық жиі тіркелетін ойын-сауық орындарын саралап, ең қауіпті тізімді жасады. Маусым айы басталғалы өңірдегі 448 ойын-сауық, түнгі клубтан 562 рет қоңырау қабылданған. Кей сауық орнына 40 рет шағым түскен. Әсіресе төбелес пен ұрлыққа, алаяқтық пен есірткі заттарын сатуға тыйым салу мүмкін болмай тұр. Осындай құқықбұзушылыққа қатысты 40 қылмыстық іс қозғалған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал