«Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» заң күшіне енді

Бүгіннен бастап «Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. Бұл құжат Алатау қаласында халықаралық стандарттарға сай, ашық әрі бәсекеге қабілетті инвестициялық экожүйе қалыптастыруға құқықтық негіз қалайды. Сондай-ақ мемлекет, бизнес және халықаралық серіктестер арасындағы өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңға сәйкес, қаланы дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын «Alatau City Authority» арнайы басқару ұйымы да құрылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал