Өскеменде көшеттер аптап ыстыққа шыдамай қурап жатыр

Өскеменде жасыл желектер өспей жатып, қурап жатыр. Әсіресе жаңадан құрылған шағын аудандарда егілген ағаш уақытылы суарылмай, аптап ыстықтан күйіп кеткен. Әсіресе Үлбі жағалауындағы жағдай тіптен қиын. Сондай-ақ жақында ашылған эко-парктегі көшеттер де күтімді қажет етеді. Жергілікті халық болса, көгалдандыруға жұмсалған ақшаның желге ұшқанына наразы. Жалпы биыл шаhарда 8 мыңнан астам ағаш егілгенімен, оның жартысына жуығы жерсінбеген. Бүгінде еліміздің шығысында ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілген. Сондықтан табиғат жанашырлары жас көшеттерді орталықтандырылған суару жүйесімен қамтамасыз ету керек екендігін алға тартады.
ДӘУЛЕТ АСАНОВ, ЭКОЛОГ:
— Көгалдандыруға жауапты жеке заңды тұлға болу қажет. Жасыл желекті күтіп-баптайтын мекеменің техникасы, материалдық базасы және білікті мамандары болғаны жөн. Бұрын мұндай жұмыстармен бізде бірнеше кәсіпорын айналысқан.

———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал