Түрксой халықаралық ұйымының шешімімен Өзбекстанның Әндіжан қаласы «2026 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Өткен жылы мәдени астана болған Ақтау қаласы бұл мәртебені өзбек ағайынға табыстады . Осынау ауқымды шара аясында бауырлас елдің «Әндіжан полькасы» ұлттық биін 20 мыңға жуық адам бір уақытта билеп, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл оқиға Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді. Әндіжан – Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Ферғана аңғарының шығыс бөлігінде орналасқан шаһардың тарихы шамамен 2 жарым мың жылға созылады. Салтанатты ашылу рәсіміне түркі әлемінің түкпір-түкпірінен 100-ден астам өнерпаз қатысты. Жиын барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарға да ерекше назар аударылды.
СҰЛТАН РАЕВ, ТҮРКСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:
– Екі жарым мың жылдық тарихы бар көне Әндіжан шахары биылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болуға толық құқығы бар деп есептейміз. Жыл бойы халықаралық көрмелер, фольклорлық фестивальдер мен өзге де ауқымды шаралар өткізіледі. Мақсат – түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дамыту, өңірлік ынтымақтастықты нығайту.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.