23 тамыз Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді | 01.07.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БАЛАЛАР УЛАНДЫ
Ақмола облысындағы жеке лагерьдің бірінде балалар жаппай уланды. Алты бала зардап шеккен, алайда жергілікті тұрғындар олардың саны артуы мүмкін дейді. Лагердегі қауіпсіздік қайда?

ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕС
Ресейден әкелінген қарағаш неге қауіп төндірді? Солтүстік Қазақстан облысында ағаштан орманды түгел отайтын қоңыздың дернәсілі табылып, жеткізуші айыппұлмен құтылды.

ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМ
Өскеменде жасыл желек қурап барады. Экологтар жүйелі шешім ұсынды. Көгалдандыруды жеке құрылымға бөліп, арнайы мекеме құру қажет екенін айтты. Бұл қаншалықты пайдалы болмақ?

ТАБЫС АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ
Жұманғарин қазақстандықтардың табысын қалай арттырмақ? Үкімет азаматтардың кірісін көбейтудің жаңа жолын іздестіріп жатыр. Тұрақты жұмыс орнын көбейтпек.

ЕРЕКШЕ КҮТІМ
Шымкент зообағында аптап ыстыққа байланысты жануарларға ерекше күтім жасалды. Мәзіріне қызылша мен жемістен дайындалған балмұздақ қосып, кейбірі салқындатқышы бар бөлмеде жатыр.
———————————————